389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты заң қаралды

  • 1036
  • UPD: 15:36, 22.01.2019

Бүгін Парламент Cенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 12 тамызда Ақтау қаласында өткен саммитте теңіз айналасындағы бес мемлекеттің президенттері жаңа конвенцияға қол қойған болатын. Бүгінде үш ел заңдарын ратификациялап, халықаралық талапқа негіздеді. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша мәселелер мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу, күш қолданбау, ынтымақтастық, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау секілді қағидалар негізінде жүзеге асыралады. Каспий теңізінің акваториясы негізінде ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулау аймақтары және ортақ су кеңістігі белгіленді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Тарихи құжатқа ол қойылды. Сыртқы саясатта көп жылдар бойы жүргізілген келіссөздер нәтижесінде тиісті жетістікке қол жеткіздік. Біздің дипломаттар мен Үкімет көп жұмыс істеді. Сондықтан конвенцияға қол қойылу оқиғасы тек біздің ғана емес, сонымен қатар Каспий маңындағы бес елдің де жеңісі.

Төлеубек Мұқашев, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Каспий теңізінің байлығын бірге пайдалануға нормативтік-құқықтық заңды тағайындап жатырмыз. Өйткені оның Каспий теңізінің әуе кеңістігі бар, су асты, су үстіндегі, содан кейін Каспий теңізімен жүретін кабельдер бар. Желілер бар. Жүк тасымалдау, соның барлығы құқықтық келісімде көрсетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы