387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президентімен кездесу өткізді

  • 878
  • UPD: 14:20, 31.01.2019
Б.Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президентімен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елімізде және әлемде паралимпиадалық спорт түрлерін одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда биыл Аstana-2019 пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионатын өткізуге қатысты мәселелер талқыланды. Осы халықаралық деңгейдегі ауқымды әлеуметті спорт жобасы Қазақстанда пара пауэрлифтинг түрлерінің дамуына жаңа серпін беретіндігі атап өтілді.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы