378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрлан Нығматулин Австрияға ресми сапармен барды

  • 289
Нұрлан Нығматулин Австрияға ресми сапармен барды parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Австрия Республикасына алғаш рет ресми сапармен барды.

Іс-сапар барысында Н.Нығматулиннің Австрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің Төрағасы В.Соботкамен келіссөз жүргізуі жоспарланған. Сонымен қатар Австрия Парламенті Федералдық Кеңесінің басшысы И. Аппемен, ЕҚЫҰ қазіргі Төрағасы М. Лайчакпен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жетекшісі Г. Церетелимен кездесулері қарастырылған. Сондай-ақ, Нұрлан Нығмат улин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясында сөз сөйлейді деп күтілуде. Ассамблея Еуропаның, Азияның және Солтүстік Американың 57 елінің 300-ден астам Парламент өкілдерін біріктіреді. Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.

Ақпарат көзі: parlam.kz

Хабар 24 телеарнасы