378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ ҚК еліміздің бейбіт бастамаларын жоғары бағалайды

  • 299
  • UPD: 19:33, 23.02.2019
БҰҰ ҚК еліміздің бейбіт бастамаларын жоғары бағалайды

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстанның бейбітшілік және қауіпсіздік жөніндегі бастамаларын жоғары бағалайды. Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі бойынша хатшылық бөлімінің басшысы Лорэйн Сиверс «қазақ елін достық көпірін орнатушы» деп танитынын айтады.

Себебі Қазақстан өзге елдерді жаһандық мәселелерді шешуде күш біріктіруге үндеп келеді дейді ол.

Лорэйн Сиверс, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бойынша бөлімнің басшысы:

- БҰҰ-да көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық еткенде алға қойған мақсат-міндеттері ерекше назар аудартты. Қазақ елі географиялық жағдайы мен тарихын алға тарта отырып, қарусыздану бойынша маңызды бастамаларды қолға алды. ОрТАЛЫҚ Азия мен Ауғанстанға қатысты көп жұмыс атқарылды.

Хабар 24 телеарнасы