378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ирак пен Ливан Астана процесіне қосылуы мүмкін

  • 248
  • UPD: 14:24, 25.02.2019

Астана процесіне тағы да екі ел қосылуы мүмкін. Сирия дағдарысын реттеу ісіне қатысуға Ирак пен Ливан өз мүддесін білдіріп отыр. Келіссөздер ауықымын кеңейтуді Түркия президенті Ердоған ұсынған. Оның айтуынша,  ортақ шекарасы бар осы мемлекеттер Сириямен тығыз байланысты. Көптеген беделді сарапшылар Астана процесін одан әрі дамытуға шақырып отыр. 

Сириядағы дағдарыс 2011-жылы Дамасктегі тәртіпсіздіктерден басталып, қарулы қақтығысқа ұласып кетті. Осы жанжалға сыртқы күштер араласып,  ол халықаралық деңгейдегі дағдарысқа айналды. Жүздеген мың адам қаза тауып, миллиондағаны үй-күйлерін тастап, өзге жерге босып кетті. Көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар шиеленісті реттеуге тырысқанмен, тек Астана процесі нәтижелі болды, дейді сарапшылар.  

Абас Аслани, Таяу Шығыс стратегиялық зерттеулер орталығының қызметкері:

- Астана Сириядағы қарулы жанжалды қысқа мерзімде шешіп шешуге атсалысты. Бұл мәселе бұрыннан бері талқыланып жүр. Шынын айту керек, Женевадағы бейбіт келіссөздер нәтиже берген жоқ, тіпті оны сәтсіз деп атауға болады. Астана болса, осы мәселеде өз әлділігі мен сауаттылығын көрсеткен. 

Дегенмен, Астана процесі Женева келіссөздеріне балама ретінде құрылған жоқ. Қазақстан БҰҰ атынан өтіп жатқан осы іске қолдау көрсетіп, Сирия шиеленісінің ең күрделі мәселелерін өз бақылауына алуға тиіс болған. Астанадағы алғашқы келіссөздер 2017-жылы өткен еді. Сол кезден бері 11 кезеңі өтіп, олардың бәріне Иран қатысқан. Сарапшылардың айтуынша, бұл ел Түркия және Ресеймен бірлесіп, Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға тырысып жүр. 

Саид Шаверди, Таяу Шығыс мәселелері бойынша саяси сарапшы:

- Иран мен өзге кепілгер елдер Сирия тұрғындарына көмектесу үшін бар күшін салып келеді. Қазақстанның Сирия мәселесін шешетін алаңға айналғанына сенімдімін. Не болса да Астана құр сөзге уақытын жұмсамай, нақты нәтижелерді көрсетіп жүр. Сирия осы процеске қатысушы елдермен тығыз ынтымақтасуы қажет, бұл елде бейбітшілік орнатуға септігін тигізеді. 

Кепілгер елдер алдында тұрған басты міндет із-түссіз жоғалып кеткендерді іздеу және босқындарды отанына қайтару болып тұр. Сондай-ақ олар Сирияға азық-түлік, киім-кешек пен дәрі-дәрмек жеткізуге келіскен. Қазірде 13 миллиондай сириялық қайырымдылық көмекке мұқтаж.  

Авторы: Юлия Гнатюк

Хабар 24 телеарнасы