379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев бірқатар ел президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

  • 150
  • UPD: 18:28, 20.03.2019
Назарбаев бірқатар ел президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ел басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы және Еуразиялық интеграцияны дамытудағы тарихи рөлін жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы уақытта тұрақты байланыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.

***

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың достық пен сенімге негізделген бауырлас елдердің стратегиялық қарым-қатынастарын дамыту ісіндегі тарихи рөлін жоғары бағалады.

Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға зор денсаулық тілеп, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметінің табысты болуына ниеттестік білдірді.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

***

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Тәжікстан басшысы тәуелсіз Қазақстанның еңсе тіктеп, әлеуетті мемлекет болып қалыптасуына Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі орасан екенін айтты. Одан бөлек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына өзіндік септігін тигізген. Эмомали Рахмонның айтуынша, тәжік халқының Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ілтипаты шынайы. Қос ел арасындағы достық-қарым қатынастың қалыптасуына да сарабдал саясаткер өлшеусіз үлес қосқан. Сондықтан бауырлас мемлекеттер арадағы байланысты үзбек емес.

Хабар 24 телеарнасы