379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет

  • 175
  • UPD: 14:05, 23.03.2019
Қ.Тоқаев: Басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет inform.kz

ҚР Президенті ретінде алғашқы жұмыс сапарын Түркістан облысынан бастаған Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықпен кездесіп, әкімдерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бірқатар тапсырма жүктеді.

«Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау.

Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек», – деді Қ.Тоқаев.

 

Хабар 24 телеарнасы