379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы сәуірде Ресейге барады

  • 125
  • UPD: 15:12, 28.03.2019
Мемлекет басшысы сәуірде Ресейге барады Tengrinews

3 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды. Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы