376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық сарапшы: Кезектен тыс сайлаудың стратегиялық маңызы зор

  • 42
  • UPD: 20:55, 11.04.2019

Кезектен тыс сайлаудың стратегиялық маңызы зор. Бұл пікірмен халықаралық сарапшы Раду Магдин де келіседі.

«Алдағы саяси науқанға шетелдіктер көз тігіп отыр. Сондықтан сайлаудың ашық әрі әділ өтуі елдегі саяси-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді», - дейді.

Раду Магдин, саясаттанушы:

- Қазақстан сияқты үлкен мемлекетті басқаруда президентті заңды түрде сайлау аса маңызды. Бұл сайлау тұрақтылық пен Назарбаев негізін салып кеткен тарихи жетістіктерді жалғастыруға жол ашады. Сондай-ақ кезектен тыс сайлау арқылы жаңа президенттің жаңа заманға бейімделген басқарушылықтағы жеке ұстанымын айқындауға мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғы жетістіктерді бүгінгімен ұштастыра отырып, халықаралық аренадағы державалардан қалыс қалмаудың амалдары сараланады. Сондықтан дәл қазір Қазақстан үшін саяси тұрақтылығын сақтай отырып, экономика тұрғысынан сенімді әріптес ретінде қалуы маңызды.

Хабар 24 телеарнасы