379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев лингвистикалық комиссия алдында сынақ тапсырды

  • 227
  • UPD: 20:49, 23.04.2019

Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық комиссия алдында сынақ тапсырды.

Талап бойынша сайлауға қатысатын кандидаттардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі тексеріледі. 

Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық комиссияның сынағынан сүрінбей өтті. Nur Otan партиясының атынан шыққан кандидат билетте көрсетілген тапсырмаларды толық орындады. Шамамен 1,5 сағатқа созылған емтиxан үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Тоқаев Абай Құнанбаевтың поэзиясы мен қара сөздері тақырыбында жазба жұмысын тапсырды. Екінші кезеңде Шерxан Мұртазаның Мыңбұлақ туындысынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырмаға сай Қазақстанның геосаяси жағдайы жайында ой толғады. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық тапсырманы жақсы орындады және мемлекеттік тілді меңгергенін дәлелдеді.

Хабар 24 телеарнасы