379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тынық мұхиттағы ел Қазақстанның ядролық қарусыз әлем бастамасын қолдады

  • 250
  • UPD: 23:58, 23.04.2019
Тынық мұхиттағы ел Қазақстанның ядролық қарусыз әлем бастамасын қолдады

Тынық мұхиттағы шағын мемлекет Қазақстан бастамасына қолдау білдірді. Еліміз сияқты Республика Кирибати да кезінде ядролық қару сынақтарынан зардап шеккен еді.

Оның бұрынғы президенті Тебуроро Тито қазір АҚШ-та Елші және БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл қызметін атқарады. БҰҰ штаб-пәтерінде өтіп жатқан климат бойынша маңызды конференция барысында ол ядролық қарусыздану мен жойқын қаруды таратпаудағы Қазақстанның ролі туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл Тынық мұхит аймағы үшін өте өзекті мәселе. 1956 -1958 жылдар аралығында Кирибати аралдарында ядролық сынақтар өткізілген болатын және ел тұрғындары әлі күнге дейін мұның зардабын тартып жүр.

Тебуроро Тито, Кирибатидің бұрынғы президенті:

- Атқарған зор еңбегі үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентіне алғыс білдіргім келеді. Осы тұрғыда ядролық қарудан ада әлемге қол жеткізуге мақсатындағы жағдай жасау және жаппай қыру қаруының сынағына тыйым салу бастамаларын атап кету керек. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық деңгейдегі басшы көрегендегін көрсеткен. Жаңа мемлекет басшыңызды құттықтаймын! Оның осы лауазымға ие болуы Тұңғыш Президенттің тектілігін аңғартады, ол өз билігін сақтап қалуды емес, ең алдымен халқының қамын, бейбітшілік пен тұрақтылықты ойлайды.

Хабар 24 телеарнасы