378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақ жол» партиясы атынан президенттікке үміткер Д.Еспаеваға қол жинау аяқталды

  • 126
  • UPD: 23:08, 03.05.2019

Алматы облысында «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Дәния Еспаеваға қол жинау аяқталды.

Барлығы 17 мыңдай қол қойылған парақтар тапсырылды. Бүгінде өңір бойынша кандидаттың 44 сенімді тұлғасы тіркелген. Сондай-ақ әр ауданда үгіт-насихат шараларын ұйымдастыратын және таныстыру материалдарын тарататын үйлестірушілер жұмыс істейді. Билбордтар, кітапшалар және үнпарақтар дайындалуда. Қазіргі таңда дауыс беру күні сайлау учаскелерінде болатын қадағалаушыларды іріктеу жүзеге асырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы