388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Сайлаушыларды ең алдымен әлеуметтік мәселелер қызықтырады

  • 432
  • UPD: 23:34, 08.05.2019

Алматылық сарапшылар сайлау науқанының екінші кезеңі, яғни президенттікке үміткерлерді тіркеудің аяқталуына қатысты өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

- Сайлаушыларды қазір ең бірінші кезекте әлеуметтік мәселелер қызықтырады. Себебі, әлеуметтанушылардың мәліметтеріне сүйенсек, саяси мәселелер емес, әлеуметтік мәселелерге басымдық берілген. Саяси мәселеге қатысты, әрине, қауіпсіздік маңызды.

Марат Шибұтов, саясаттанушы:

- Кімнің қандай артықшылығы бар, кімнің қандай кемшін тұсы бар? Мұның бәрі сайлауалды үгіт-насихат шарасында көрінеді. Оны қарсыластар да тиімді пайдалана алады. Себебі, сыртқы көзқарастар маңызды.

11 мамырдан бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталатынын білесіз. Сарапшылар кандидаттардың сол науқанда ұсынатын тұжырымдамалары жайлы өз ой-болжамдарын айтты. Пікірлер әр алуан. Әйтсе де бұл жолы үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында әлеуметтік мәселелерге басымдық береді дегендері көп. 

Андрей Чеботарев, саясаттанушы:

- Халықтың сайлауға қызығушылығын аңғаруға болады. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған үміткерлерді қолдауға дайын. Енді ең тартысты кезең – сайлауалды үгіт-насихат басталады. Үміткерлер өз бағдарламаларын ұсынған соң оны да талқылайтын боламыз.

Асқар Нұрша, саясаттанушы:

- Лайықты үміткер жоқ деп сынайтындар да бар. Меніңше, керісінше, таңдау үлкен. Бұл – біздің саяси жүйеміз үшін үлкен сын.

Хабар 24 телеарнасы