Сайлауалды үгіт-насихат науқаны әр кандидаттың қарым-қабілетін байқатады
Қазақстан Президенттігіне үміткерлер үгіт-насихат тобымен еліміздің аймақтарын аралауға аттанды.
Қазір олар сайлаушылармен кездесулер өткізіп жатыр. Сарапшылар пікірінше, үміткерлер үшін бұл нағыз сынақ кезеңі болмақ.
Марат Шибутов, саясаттанушы:
- Менің ойымша, келесі аптадан бастап үгіт-насихат топтары белсенді жұмысқа кіріседі. Біз үміткерлер туралы көп мағлұмат аламыз. Әр кандидат ол ең алдымен саясаткер. Сондықтан оларға артылар жауапкершілік те жоғары. Бұл бәйге іспетті. Кандиттардың қарым-қабілетін барынша байқататын зор мүмкіндік. Алайда уақыт өте аз екені де түсінікті.