378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева Грузия Премьер-министрімен кездесті

  • 89
  • UPD: 19:32, 15.05.2019

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Грузия Премьер-министрімен кездесті.

Дариға Назарбаева Мамука Бахтадземен қос ел арасындағы әріптестік байланысты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Грузия үкіметінің басшысы еларалық ынтымақтастықты бекемдеу жолында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтті. Сосын ертең басталатын Астана экономикалық форумының маңыздылығын тілге тиек етті. Бұдан соң тараптар туристік және гуманитарлық қарым-қатынасты талқылады. Кездесу соңында Сенат спикері Грузияны тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, баянды болашақ тіледі.

Хабар 24 телеарнасы