378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаевты қабылдады

  • 218
  • UPD: 01:00, 22.05.2019

Бүгінде мемлекет табысының тең жартысы әлеуметтік салаға жұмсалады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдауы кезінде осылай деді. Бердібек Сапарбаев Елбасыға «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларды түсіндіру жөніндегі үкіметтік жұмыс тобының қызметі туралы баяндады. Бұдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек, табысы төмен қызметкерлердің жалақысын көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу секілді мәселелер талқыланды. Министрлік жылына ең кемі 370 мың адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сөйтіп, алдағы үш жылда 1 млн азаматты тұрақты жұмыс ұсынбақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Атаулы көмек біздің ең маңызды мақсатымыз. Біз көп балалы болсын, кедейге де, байға да бірдей береміз деп отырған жоқпыз. Қазір мемлекеттің табысының жартысы әлеуметтікке жұмсалады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Мынау еңбек бағдарламасы. Оған да қаржы бөлінді. Көп балалы, аз қамтылғандарға грант береміз. 500 мың теңге. Қайтарымсыз, кепілдіксіз. Сосын 500 мыңнан 6 млн дейін микрокредит береміз. 4 пайызбен. Егер жобасы үлкен болса, онда 20 млн дейін береміз. Сосын жұмысын ашуға көмектесеміз. Әсіресе, үйінде отырған әйелдерге. Қолдарынан жұмыс келеді. Бірақ жарымжан балалары бар. Біреуі тамақ істей алады, киім тіге алады. Соларға әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға көмектесеміз.

Бердібек Сапарбаев Тұңғыш Президентке министрлік тарапынан қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге қатысты қолға алынған шараларды айтып берді. Әсіресе, ерекше қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, көші-қон және оралмандарға демеу беру мәселелеріне кеңірек тоқталды. Сосын ел азаматтарын баспанамен қамту жөніндегі жоспарларды таныстырды. 

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Біз жалпы 3 жылдың ішінде үкімет 58 мың пәтер салу керек. Соның 40 мыңы жалдамалы пәтер. Оған 350 млрд ақша бөлінді. 18 мыңы займмен салынады. ЖССБ пәтерлері. Сонда біз жылына етк қана бюджеттен 12 мың пәтер береміз. Сосын демеушілер арқылы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Көп тәжірибе жинадың. Ең қажет жұмысқа мен сені қоям. 3 жұмыста істеген тәжірибең бар. Қай жерде болсаң да, жақсы істедің. Осы жерге алып келгем себебім, мына жер ақсап тұр.  Білетін аадм керек болды.Мен барлық жағынан қолдап отырамын. Осы мәселені аяғына дейін жеткізіп, елге жақсылық жасап, баяндайтын боалйық. Шешімі бар. Бағдарлама жасалды. Қаражат бөлінді. Енді әкімдермен бірге отырып, істету керек осыны. Осыны халық білсін.

Хабар 24 телеарнасы