378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

  • 154
  • UPD: 20:30, 28.05.2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.
Басқосуда екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қырғыз Республикасының Президенті жылы кездесуге ризашылығын білдіріп, мемлекетаралық байланыстардың достық сипатын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы артып келеді. Үкіметаралық, парламентаралық деңгейде жұмыс істеп келеміз. Әлемдік және аймақтық ұйымдарда да біргеміз. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты мен одан әрі дамытуға бар күш жігерімді саламын.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

– Алыстағы ағайыннан жақындағы көршіні артық көретін біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бүгінде үкіметаралық жол картасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өзіңізді Қырғыз республикасына сапармен келуге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы