378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін – сайлауалды «Тыныштық күні»

  • 176
Бүгін – сайлауалды «Тыныштық күні»

Бүгін елімізде кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы «Тыныштық күні».

Бұл күні жалпы республика бойынша кез келген сайлауалды насихатқа тыйым салынады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, заңсыз үгіт жүргізген кандидаттардың штабтарымен қатар әлеуметтік желіде жазған насихаттау жазбасы үшін жеке азаматтар да жауапқа тартылады. Жалпы алдағы саяси науқан барысын шетелдік байқаушылар мен БАҚ өкілдері бақылайтын болады. Еске салсақ, президенттік сайлау ертең басталады.

Хабар 24 телеарнасы