389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия жұртшылығы: Қазақстандағы сайлау маңызды саяси және тарихи оқиға

  • 313
  • UPD: 16:11, 09.06.2019

Британия жұртшылығы бүгінгі президент сайлауын халықаралық деңгейдегі маңызды саяси және тарихи оқиға деп бағалады.

Депутаттар мен қоғам белсенділері сайлау демократиялық талаптарға сай өтіп, қазақстандықтар дұрыс шешім қабылдайды деген сенімде, деп хабарлайды «Хабар 24»

Консерватор Боб Стюарт британиялық заң шығарушы органдағы беделді депутаттардың бірі. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасымен әріптестік жөніндегі Жалпыпартиялық парламент тобының жетекшісі. Стюарттың пайымдауынша, президент сайлауының сәтті өтуі Қазақстандағы демократияның одан әрі дамуына ерекше үлес қоспақ.

Боб Стюарт, Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының депутаты:

Қазақстан ХХІ ғасырда ұлы ұлт болуы үшін ілгері жылжып келеді. Мен үшін айдан анық нәрсе - елдеріңіз ағымдағы жүз жылдың екінші жартысына дейін ұлы державаға айналады. Меніңше, тұңғыш президенттеріңіз демократия қағидаттарын енгізіп қойды. Бұл нормалар сайлау кезінде де сақталады деп сенемін.

Британ-қазақ қоғамының төрағасы Руперт Гудман да сайлау процесін жіті қадағалап келеді. Ол сайлау кезінде қазақстандықтар белсенділік танытады деген сенімде.

Руперт Гудман, Британ-қазақ қоғамының төрағасы:

- Мен Қазақстан халқы демократиялық құқықтарын дұрыс пайдаланып, сайлау нәтижелеріне риза болады деп кәміл сенемін. Біз сайлау нәтижелерін асыға күтетін боламыз.

Айта кету керек, Ұлыбританияда да Қазақстан елшілігі жанында президент сайлауы өтіп жатыр. Отандастарымыздың 600-ден астамы шетелдегі өкілдікпен байланысып, өз есімдерін сайлаушылар тізіміне алдын ала енгізген.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы