384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Ташкентте дауыс беру жалғасуда

  • 484
  • UPD: 21:18, 09.06.2019

Өзбекстандағы нөмірі 267-сайлау учаскесінде де біздің түсіру тобымыз өз жұмысын таң сәріден бастады.

Көрші елде жүрген Қазақстан азаматтарына дауыс беруге барлық жағдай жасалған.

Ташкенттегі сайлау учаскесінде де дауыс беру таңертеңнен бері жалғасып жатыр. Елшіліктің жаңа ғимаратында орналасқан орталыққа келіп өз таңдауын жасаушылар саны толастар емес. Қазақстандағы саяси науқан барысын Өзбекстандағы БАҚ өкілдері де жарыса жазып жатыр.

Жалпы Өзбекстанда жұмыс бабымен және демалыс күндері туыстарына қыдырып келіп, осындағы тарихи орындарға зиарат жасап жүрген азаматтардың саны 400-ден асады. Қазірге дейін сол азаматтардың басым бөлігі дауыс беріп үлгеріпті. Қойы қоралас, ауылы аралас елдің байланысы бекем. Өйткені егемендікпен бірге қандастарымыз ата жұртқа қоныс аударды. Осылайша аралас-құралас жатқан ел арасындағы бауырмалдық байланыс одан сайын нығая түсті.

Жарылқасын Қонысбай, сайлаушы:

– Бүгінгі сайлау мен үшін өте маңызды. Мен өз таңдауымды жасадым. Қазақстан егемендік алған уақытта біз ата қонысқа көшіп едік. Мұнда ағайын-туыс тұрады. Сол туыстарға қыдырып келгенмін. Бүгінгі сайлауға тура келіпті. Бұл сайлау халқымыз бен жастарымыздың болашағы үшін аңызды.

Хабар 24 телеарнасы