384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев ҚР Президентіне тікелей бағынатын меморгандардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды

  • 106
  • UPD: 13:05, 12.06.2019
Тоқаев ҚР Президентіне тікелей бағынатын меморгандардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінгент құжатта.
Хабар 24 телеарнасы