384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

  • 89
  • UPD: 21:10, 12.06.2019

 

Елімізде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.

Бүгін осыған орай Қ. Тоқаевтың арнайы жарлығы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізу қажеттігі және соның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ереже енгізілсін делінген.

Хабар 24 телеарнасы