389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда еліміздегі сайлау нәтижелері қорытындыланды

  • 233
  • UPD: 23:41, 13.06.2019

Бразилияда Қазақстандағы президенттік сайлау нәтижелері қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда бұл елдің астанасында жергілікті ақпарат құралдары үшін баспасөз маслихаты өтті. Брифинг барысында елшіміз Қайрат Саржанов сайлауда 70%-тен астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі туралы ақпарат берді. Дипломат сайлауалды науқан ашық, жария және бәсекелестік ортада өткенін атап өтті. Елшіміз Қазақстанның жаңа әкімшілігі Бразилиямен өзара тиімді байланыстарын нығайтуға бағытталған саясатын жалғастыратынына сенім білдірді.

Қайрат Саржанов, Қазақстанның Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бразилия ұлттық конгресінің сенаторлары Чико Родригес және Жакес Вагнер халықаралық байқаушы ретінде Қазақстанға барғанына өз ризашылықтарын білдірді. Себебі,  Латын Америкасының байқаушылары Қазақстандағы сайлауға алғаш рет жұмылдырылды. Сайлау нәтижелері мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі Қазақстанның бейбіт және тұрақты ел екенін бүкіл халықаралық қауымдастыққа паш ете білді. Және «бұл сайлау еліміздің ішкі және сыртқы саясатта әділдік, даму һәм сабақтастық бағытын ұстанатынын айғақтайды», – дейді олар.

Хабар 24 телеарнасы