384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президентінің атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсуде

  • 186
Қазақстан президентінің атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсуде

Бельгия королі Филипп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті болып сайлануымен құттықтап, жоғары лауазымды абыроймен атқаруына тілектестік білдірді, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мен Сіздің отандастарыңызға бақ-береке тілеп, екі елді жарастыратын достық пен ынтымақтастықты қолдайтынымды жеткізгім келеді», – делінген жеделхатта.

Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб өзінің құттықтау хатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауындағы айқын жеңісін оның саяси тәжірибесі мен көшбасшылығына деген халықтың сенімі екенін атап өтті.

«Сингапур мен Қазақстан түрлі салалар бойынша тығыз жұмыс істеп келеді. Сіздің ел тізгінін қолға алып, Қазақстанды әрі қарай өркендете түсетініңізге сенімдімін. Екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін тығыз ынтымақтаса жұмыс істейміз деген үміттемін», – деп жазды Сингапур президенті.

Румыния президенті Клаус Вернер Йоханнис мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы жеңісімен құттықтап, демократиялық жаңғыру үдерістерін жалғастыруда табыс тіледі.

«2003 жылғы Румыния мен Қазақстан Республикасының әріптестік және ынтымақтастық туралы мәлімдемесінің және Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы келісім негізінде екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне кәміл сенемін», – деп жазды Клаус Вернер Йоханнис.

Австрияның Федералдық канцлері Бригитте Бирляйн да өз атынан құттықтау жолдап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа лебізін білдірген.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра алатындығымызға сенемін», – делінген жеделхатта.

Корея Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық жиналысының президиум төрағасы Чве Рён Хэ Қазақстан президентіне құттықтау хатын жолдап, жылы лебізін білдірген. Ол өзінің жеделхатында екі елдің ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынастары одан әрі нығая беретініне сенімді екенін айтқан.

Польша Республикасының сенаторлары Гжегож Челей мен Кажимеж Клейна да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы барлық сала бойынша ынтымақтастықтың жалғаса беретініне мүдделі екендерін жеткізген.

Ресейдің «Роснефть» ҰК бас атқарушы директоры Игорь Сечиннен, С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының ректоры, «Достық» орденінің кавалері Владимир Малышевтан, ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциден де құттықтаулар келді.

Хабар 24 телеарнасы