389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

  • 260
  • UPD: 18:08, 21.06.2019
Тереза Мэй Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті.

«27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын», – деп жазған Тереза Мэй.

Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы