389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналық сарапшылар: Борыш жүктемесін азайту – мемлекет қамқорлығының үлгісі

  • 252
  • UPD: 07:44, 29.06.2019
Украиналық сарапшылар: Борыш жүктемесін азайту – мемлекет қамқорлығының үлгісі

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың несиені жабуға қатысты жарлығы Украина еліне үлгі», – дейді осы елдің сарапшылары.

Мемлекет азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы реформа – әлем елдерінде өте сирек кездесетін саяси қадам. Бұрын соңды Парсы шығанағы елдері, оның ішінде Біріккен Араб Әмірлігінде жүргізілген. Атап айтқанда, 2017 жылы БАӘ басшысы «төзімділік жылын» жариялап, шамамен 100 млн долларды құраған ел қарызын мемлекет есебінен жапқан екен. Ал ТМД елдерінде мұндай реформа жүргізілген жоқ, - дейді халықаралық сарапшы және Украинадағы «Экономист» деп аталатын аналитикалық басылымының аға редакторы Вячеслав Шутенко. Халықаралық қаржы клубының төрағасы Олег Капралов та «мұндай мемлекеттік көмектің бірегей және тек Украина ғана емес, әлем елдеріне үлгі екенін айтады.

Олег Капралов, халықаралық қаржылық «Банкирь» клубының төрағасы:

– Несиелік міндеттемелерді мемлекет тарапынан өтеу бір реттік қана көмек ретінде ұсынылып отыр. Қуантарлығы, Қазақстан әлеуметтік аз қамтылған, оның ішінде мүгедек жандары мен жетімдеріне мемлекеттік тараптан қолдауды қолға алыпты. Бұл реформа Украина елі үшін де үлгі. Тұрмысы төмен топтағы азамат қоғамның ғана емес мемлекеттің қамқорында. Бұл Қазақстанның халықаралық ұйым тарапынан құптайтын тамаша қадамы деп бағалауға болады.

Вячеслав Шутенко, «Экономист» сараптамалық басылымның аға редакторы:

– Әлеуметтік реформа Қазақстанның тұрмысы төмен топтағы азаматтарын қолдауға бағытталған. Несиелік жүктемені мемлекет тарапынан жабуға қатысты реформаға бірқатар сын айтылуы мүмкін, алайда оның көптеген жағымды тұстарын атап өткім келеді. Ең алдымен несиені жабуға деп жинап отырған халық қаражаты тауар не қызмет түріне жұмсалады. Бұл дегеніміз, аз да болса экономика оның ішінде тауар, қызмет көрсету және өндіріс саласына пайда әкеледі деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы