389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев арыстықтарға көмектескен қазақстандықтарға алғыс айтты

  • 345
  • UPD: 12:57, 15.07.2019
Қ.Тоқаев арыстықтарға көмектескен қазақстандықтарға алғыс айтты Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арыстықтарға көмектескен қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Президент Арыстағы жағдай күрделі екенін атап өтті, Үкімет барлық жоспарланған іс-шараларды қысқа мерзімде орындауы қажет. «Еліміздің азаматтары, бизнес өкілдері, шетелдік инвесторлар қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетті. Бұл – халқымыздың бірлігінің көрсеткіші. Барлығына алғыс білдіремін. Премьер-министр бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы қажет. Қорғаныс министрлігі әскери қойманы орналастыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл жұмысты созбау керек. Қысқа мерзімде бұл мәселелерді шешу қажет», – деді президент.

Хабар 24 телеарнасы