385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімін қабылдады

  • 134
  • UPD: 19:13, 14.08.2019
Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімін қабылдады фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ басшысы Тұңғыш Президентке өңірдің даму көрсеткіштері мен әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Елбасы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық саябақтың табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне назар аударды. Бұдан бөлек, өңір жастарын жұмыспен қамту мәселесіне жеке тоқталды. Кездесу барысында әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың табысын арттыру және тұрмысы нашар азаматтарды қолдау шаралары сөз болды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға арналған жобалар әзірлеп, соларды жүйелі жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы