387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Шәкіров – Сенат төрағасының орынбасары

  • 152
  • UPD: 14:28, 02.09.2019
Асқар Шәкіров – Сенат төрағасының орынбасары holanews.kz

Асқар Оразаұлы Шәкіров Сенат төрағасының орынбасары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Маған берілген құқықты пайдалана отырып, ол қызметке Асқар Оразаұлы Шәкіровты ұсынамын. Оны жақсы білесіздер. Көп жылдар бойы әртүрлі саяси лауазымдарды атқарып келді. Атап айтқанда, сыртқы істер министрінің орынбасары, ҚР адам құқықтарын қорғау уәкілі қызметтерін жоғары дәрежеде атқарды. Ағылшын, қытай тілдерін меңгерген білікті әрі білімді маман. Оның мол тәжірибесі Сенат төрағасының орынбасары лауазымына өте пайдалы әрі қажет деп ойлаймын», – деді Дариға Назарбаев Парламент Сенатының отырысында. 

Осыдан кейін ашық дауыс беріліп, Сенат төрағасы орынбасарлығы дауысқа салынды. Сенаторлар кандидатты бір ауыздан қолдады. 

Айта кетейік, Асқар Шәкіров 1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген. Бірінші санаттағы Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангісі бар.  1978 жылдан 1992 жылға дейін КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1992 жылдан Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі. 1995 жылдан 1996 жылға дейінҚазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1998 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2004 жылғы тамыз айынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы. 2007 жылғы қыркүйектен осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келген.

Хабар 24 телеарнасы