386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай тарапы Қ.Тоқаевтың сапарына қызу дайындалып жатыр

  • 166
  • UPD: 21:17, 09.09.2019

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына барады. Бұл қазақ президентінің мемлекет басшысы ретіндегі Қытайға алғашқы қадамы болмақ.

CHINADAILY басылымының мәліметінше, шара аясында Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту жөніндегі келісімге қол қояды деп күтілуде. Сонымен қатар Тоқаевтың Қытай елі Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесуі жоспарланған. Бұдан бөлек мемлекет басшысы алтыншы қазақ-қытай іскерлік кеңесіне де қатыспақ. Және онда онға жуық құжатқа қол қойылады. Қазір Қытай тарапы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары алдында соңғы дайындық жұмыстарын пысықтау үстінде. Бұл туралы «Синьхуа» басылымы хабарлап отыр. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуанның мәлімдеуінше, Қытай елі бұл сапар екі жақты стратегиялық серіктестіктің дамуына жаңа серпін береді деп үміттенеді.

Гэн Шуан, ҚХР СІМ ресми өкілі:

- Қазақстан президентінің Қытайға ресми сапарына дайындық қызу. Бұл сапар жоғары деңгейдегі тұрақты кездесу дәстүрін нығайту және жалғастыру үшін үлкен маңызға ие. Жоғары деңгейдегі кездесулер екі жақты қатынастардың жаңа бағыттарын айқындайды.

Хабар 24 телеарнасы