389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарада Астана процесінің кепіл мемлекеттері бас қосады

  • 234
Анкарада Астана процесінің кепіл мемлекеттері бас қосады

Бүгін Түркия астанасында Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары кездеседі.

Бесінші кездесуге алғашқылардың бірі болып Иран президенті Хасан Роухани келді. Сондай-ақ Режеп Тайып Ердоғанмен сириялық мәселелерден бөлек әскери-техникалық серіктестікті талқылау үшін Ресей Президенті Владимир Путин сапарлайды. Үш жақты кездесудің басты тақырыбы – қыркүйекте іске қосылатын Сириядағы конституциялық комитет жұмысын талқылау. Сондай-ақ тараптар басым бөлігі «Әл-Кайда» бақылауындағы Идлиб елді мекені бойыша пікір алмасады. Мұнда тамызда жарияланған оқ ашпау мәселесіне қарамастан жағдай ушығып тұр.

Хабар 24 телеарнасы