389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қ.Тоқаевтың сыртқы саясаттағы ұстанымы – дипломаттық шеберлігіннің дәлелі

  • 212
  • UPD: 10:50, 19.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғалы аз ғана уақыт ішінде сайлауалды бағдарламасының бірқатар жобаларын жүзеге асырып үлгерді.

Әсіресе әділеттілік қағидатына негізделген әлеуметтік саясат ұстанымын ерекше атап өткен жөн, дейді өзбекстандық сарапшы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаттағы ұстанымы – дипломаттық шеберлігіннің тағы бір дәлелі. Қазақстанның жаңа президенті – әлемдік аренадағы кейбір даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу жолын жалғаушы. Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырмалдық байланыстың тамырын тереңдетіп, ұрпақтар сабақтастығын жақсарта түсті, дейді сарапшы.

Валерий Бирюков, сарапшы:

– Президенттің аймаққа жасаған соңғы сапары оның елдің ішкі жағдайымен жақынырақ танысып, әрбір мәселені анық білетінін аңғартады. Ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігін, қалай өмір сүріп жатқанын сырттай емес, көзбен көргенін нақтылайды. Сондықтан оның бастамалары мен ұсыныстары негізгі бір мақсатқа бағытталған. Менің ойымша, олар жүзеге асатын болса Қазақстандағы әлеуметтік жағдай одан әрі тұрақты болады.

Хабар 24 телеарнасы