389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


100 күн – мемлекет басқарудағы Елбасы жолының заңды жалғасы

  • 229
  • UPD: 13:02, 19.09.2019

Президенттің 100 күні – Елбасы мен ел таңдауының дұрыстығын, Қазақстандағы билік сабақтастығының өміршеңдігін, қоғамның қалауы эволюциялық даму жағында болатынынын айқын көрсетіп берді.

Бұл «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарық көрген мақаладан үзінді. «Сабақтастықтың жүз күні» атты материалда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінге дейін көтерген бастамалары мен ұсыныстары және оны шешу жолындағы әрекеттері нақты жазылған. Бұған қоса автор әрі Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысының саясат пен экономикадағы рөлінен бөлек, ұлттық құндылықтарға да ерекше көзқараста екенін атап өтті. Әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деген мәлімдемесіне бөлек тоқталған.

Мемлекет басшысының жүз күн шеңберіндегі ішкі, сыртқы саясаттағы айнымас стратегиялық ұстанымдары мен ел тағдырына қатысты көзқарас-пайымы, халықтың көңілінен шыққан бастамалары мен қадамдары сол тәуелсіздік кезеңіндегі даму, ілгерілеу саясатымен тығыз байланысып, үндесіп жатыр. Бұл – мемлекет басқарудағы Назарбаев моделінің, Елбасы жолының заңды, табиғи жалғасы.

Хабар 24 телеарнасы