389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев 100 күн ішінде 140-тан аса жиын өткізген

  • 260
  • UPD: 17:51, 19.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев 100 күн ішінде орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларымен, бизнес өкілдері, азаматтық қоғам мүшелерімен ұзын ырғасы 140-тан аса жиын өткізді.

Президенттің Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, халық пен билік арасында бірыңғай диалог алаңы пайда болды. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екіге бөлініп, әрқайсысына зор міндеттер жүктелді. Президенттің бұл шешімі қазір оң нәтижесін көрсетіп отыр. Жуырда ғана жариялаған жолдауында Мемлекет басшысы митинг туралы заңды жетілдіруді тапсырды. Жұрт пікірін білдіру үшін арнайы орындар бөлуді міндеттеді. Биліктің ашық әрі халыққа жақын болуы керектігін айтты. Мұғалімдерге де зор көңіл бөлді. Жауаптыларға ұстаздардың жалақыларын өсіруді жүктеді. Бұдан бөлек 2020 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасына бағытталатын қаражат көлемін де ұлғайтуға пәрмен берді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар да Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған жоқ. Алдағы үш жылда аталған санаттағы азаматтарды қолдау үшін 58 миллиард теңге қаражат бөлінбек. 

Зарема Шәукенова, әлеуметтану ғылымдарының докторы:

– Президенттің бастамаларында жастарға да айрықша көңіл бөлінгендігін атап өткім келеді. Біріншіден жастар резервін құру, жас буынды баспанамен қамтамасыз ету көпті қуантты. Бұл орайда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға Тәуелсіздік мекересінің қарсаңында 3 мың пәтер берілмек. Оның айлық ақысы 10-12 мың теңге болады. Бұл деген зор қолдау. Президент халықпен байланысты күшейтті. Әлеуметік желілерде парақшаларын ашты. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграмда өте белсенді. Өз парақшасында Мемлекет басшысы халыққа дер кезінде ақпарат беріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы