389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ермұхамед Ертісбаев: Instagram-да парақша ашуым мүмкін

  • 166
  • UPD: 12:45, 23.09.2019
Ермұхамед Ертісбаев: Instagram-да парақша ашуым мүмкін Спутник

Қазақстанның Беларусь еліндегі елшісі қызметін атқарып, елге оралған Ермұхамед Ертісбаев «Хабар 24» телеарнасындағы «Дөңгелек үстел» бағдарламасында әлеуметтік желілерде неліктен тіркелмегендігі туралы түсіндіріп берді.

«Facebook жастарға арналған деп есептеймін. Оны Цукерберг 20 жасында ойлап тапты. Мен Facebook-те отыратын құрдастарымды түсінбеймін. Мүмкін олардың бос уақыттары көп шығар. Мысалы, менің Facebook-те отыратын бос уақытым жоқ. Бірақ маған Facebook-те не жазылып жатқандарын айтып отыратын досым бар. Ал өзім қарауға  да тырыспаймын. Көпшілікке өзімді, ішкі сезімдерімді жайып салғым келмейді. Менің ойымша, оның өзінде бір жасандылық бар сияқты»,  ̶  деді Ермұхамед Ертісбаев.

Алдағы уақытта Instagram парақшасын ашуы мүмкін екендігін де айтып өтті.

«Кейде көлікте келе жатқанда қандай да бір ойлар келіп қалады, оларды ұмытып қалмас үшін сол сәтте әлеуметтік желіге салып қойған жақсы. Сол үшін Instagram-да парақша ашуым мүмкін»,  ̶  деді ол.

Ермұхамед Ертісбаев бұған дейін Елбасының кеңесшісі, Мәдениет және спорт министрі, Қазақстан Республикасының Грузиядағы және Беларустегі елшісі қызметтерін атқарған.

Ермұхамед Ертісбаевтың «Дөңгелек үстел» бағдарламасына берген сұхбатының толық нұсқасын осы жерден көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы