389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан – Армения арасындағы ынтымақтастық жайы талқыланды

  • 184
  • UPD: 20:03, 01.10.2019

Мемлекет басшысы бүгін Ереван саммитінің иесі, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен де жеке кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан президенті әсіресе, сауда-экономикалық саладағы байланыстардың бәсеңдігін айта келе, оны кеңейту үшін барлық деңгейде бірігіп жұмыс істеу қажеттігін айтты. Никол Пашинян өз кезегінде бұл пікірмен келісіп, «экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін екі елдің кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндігін пайдалануы қажет», - деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біздің елдер арасындағы екіжақты қатынастар үлкен маңызға ие. Мемлекеттер арасындағы байланысты бекемдей түсуге қос тарап та мүдделі болғанмен кеңірек араласуға кедергілер де жоқ емес. Әсіресе, сауда-экономикалық серіктестікте ол айқын байқалады. Сондықтан осы бағытта үкіметаралық комиссиясының және өзге де тетіктердің жұмысын күшейте түскен дұрыс.

Никол Пашинян, Армения Республикасының премьер-министрі:

- Сізді президенттік мәртебеңізбен құттықтауға бүгінгідей ресми мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының президенті болуыңызбен құттықтай отырып, серіктестікке сенім білдіргім келеді. Сауда-экономикалық байланыстардың әлеуеті зор. Соны пайдалану керек. Ол жағынан Сізбен келісемін. Біздің кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақ арасында ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерді пайдаланады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы