389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Урбанизацияны ешкім тоқтата алмайды - Н.Назарбаев

  • 190
  • UPD: 23:15, 11.10.2019
Урбанизацияны ешкім тоқтата алмайды - Н.Назарбаев

ҚР Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында еліміздегі урбанизиция мәселесіне тоқтады.

«Біз урбанизацияны жасанды түрде жасап жатқан жоқпыз. Урбанизация жаса деген бағдарлама жоқ. Ол халықтың өзінің қозғалысы. Оған кедергі болу қиын», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматының халқы 2 млн адамға жуық екеніне, елордада 1,25 млн адам тұратынына, Шымкенттің 1 млн халқы бар екеніне тоқталды.

«Мәселен, астанада да, Алматыда да сондай мәселелер бар. Сондықтан, қаласақ та, қаламасақ та үлкен миллион халқы бар қалалар бәрібір болады. Талдаушылар мен сарапшылар бәрі бір ауыздан «әлемді миллион халқы бар қалалар басқарады» деген пікірде. Болжам бойынша, миллион халқы бар 600 қала бар делінеді. Ол шаһарларда ғылым мен білім шыңдалады. Мәдениет дамиды. Миллион халқы бар қаланы өлмес қалалар деп атайды. Неге? Себебі, дағдарыс кезінде де онда жұмыс күші бар. Үлкен қалалар өнім шығарып сатса, сатып алушылар да табылады. Яғни, қала өз-өзін қамти алады», - деді Елбасы.

Сонымен қатар жарты миллион халқы бар Қарағанды, Ақтөбе секілді қалалардың да халқы жыл санап өсіп келе жатқанын айтып өтті.

«Парижге қараңыз. Ол қалай дамыған? Кішкене ғана Париж болды. Кейін қала шетін халық толтырды да, билік тұрғын үй кварталдарын сала бастады. Осылайша, қала өсе берді. Нью-Йорк те солай өсіп келеді. Мехикодағы 20 млн адамның жартысы қала шетінде тұрады. Кез келген қалада солай. Яғни, адам өзіне қолайлы ортаны таңдайды. Үлкен қалаларда ғылым дамиды, зауыттар мен кәсіпорындар салынады, үздік жоғары оқу орындары сонда болады. Мектептер де, мейрамханалар да үздік. Бәрі сапалы. Себебі, үлкен қалаларда ғылым мен білім қордаланады. Тиісінше, адамның мұндай қалаға тартылуы заңды. Бұл урбанизацияны ешкім тоқтата алмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде урбанизацияны басқарып үйрену керек екендігін тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы