Қ.Тоқаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады
- 260
- UPD: 15:07, 15.10.2019

Мемлекет басшысы Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін»,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.