387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан – Ресей кәсіпкерлері үшін бизнес жүргізудің бірыңғай нормалары қажет

  • 152
  • UPD: 09:07, 06.11.2019
Қазақстан – Ресей кәсіпкерлері үшін бизнес жүргізудің бірыңғай нормалары қажет

Бірлескен өндіріс орындарын көптеп ашу мәселесі шешілсе, Қазақстанның Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен сауда айналымы артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Орал сауда-өнеркәсіп палатасы сарапшыларының пікірі осыған саяды. Бүгінде екі ел нарығы барынша қорғалған. Әсіресе, қос тарап жоғары дәрежеде өңделген, яғни өздері жасай алатын тауарлар саудасын жүргізуді қаламайды. Сол себепті Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграция белең алып, сауда айналымы ұлғайған заманда бірлескен өндіріс орындарын ашу әлдеқайда тиімді, дейді мамандар.

Игорь Аристов, Оңтүстік Орал сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші вице-президенті /Ресей/:

– Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері үшін бизнесті жүргізудің бірыңғай және бәріне түсінікті нормалары енгізілгенше, тауар айналымының сапалы өсуі екіталай. Мысалы, екі жаққа мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысудың ұлттық нормалардан да жоғары тұратын ортақ тәртіп  қажет. Міне, сонда тауар айналымының көрсеткіші артады.

Хабар 24 телеарнасы