375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Мәжілісінің депутаттары «Парасат» орденінің иегері атанды

  • 200
  • UPD: 13:23, 13.12.2019
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Парасат» орденінің иегері атанды

Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Асқар Базарбаев және Глеб Щегельский «Парасат» орденінің иегері атанды.

Сонымен бірге, мәжіліс аппаратының бірнеше қызметкері «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Жоғарғы мемлекеттік наградалары Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин табыс етті. Төраға еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына депуттардың зор үлес қосып отырғанын айтты. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары Елбасы бастаған игі істерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғастырып, елдің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Салтанатты шарада Төраға бірқатар депутатқа ТМД елдерінің парламентаралық Ассамблеясы мен ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының наградаларын табыстады.

Хабар 24 телеарнасы