418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар қазақ-қырғыз шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінің жағдайымен танысты

  • 402
  • UPD: 17:48, 19.12.2019
Депутаттар қазақ-қырғыз шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінің жағдайымен танысты

Бүгін Мәжіліс депутаттары қазақ-қырғыз шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінің инфрақұрылымымен танысу мақсатында Жамбыл облысында жұмыс сапармен болды, деп хабарлады parlam.kz

Қордай ауылындағы бақылау-өткізу пунктеріне барғаннан кейін Мәжіліс және Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының бірлескен отырысы өтті. Іс-шараны ашқан Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко қаралып отырған мәселенің әлеуметтік-экономикалық бағытының маңыздылығын атап өтіп, еліміздің және көрші Қырғызстан азаматтарының ұсыныс-тілегіне назар аударды.

Атап айтқанда, олар шекара өткізу пунктерінде, әсіресе жаз мезгілінде, әлі күнге дейін кездесетін ұзақ кезекке шағымдануда. Кедендік рәсімдеудің және шекараны бақылаудың баяу жүргізілуі, жемқорлық, контрабанда және инфрақұрылымның тапшылығы фактілері де бар. Отырыс барысында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасар, шекара қызметі директоры Дархан Ділманов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің және қырғыз тарапының мемлекеттік органдарының өкілдері баяндама жасады. Қазақстандық Парламент өкілдері өз баяндамаларында шекарадағы автомобиль өткізу пунктерінің жұмысын қамтамасыз ету саласындағы ведомстволары жұмысының негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берді. Сонымен бірге 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шешетін міндеттер де көрсетілген. Кездесуде екі ел депутаттары шекаралық ынтымақтастықты дамыту туралы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады. Отырысты қорытындылай келе, Мәжіліс вице-спикері В.Божко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 27 қарашада Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелерін ескере отырып, қырғыз тарапымен бірлескен іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті. Шу өзені арқылы өтетін ҚР «Қарасу» – Қырғыз Республикасының «Ақ-Тілек» өткізу бекеттерінің арасындағы жаңа көпір құрылысы туралы үкіметаралық келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ «Бесағаш - автожол» (Қазақстан) және «Кичи-Капка - автожол» (Қырғызстан) өткізу пунктерінің жұмысын жандандыру, сондай-ақ «Кеген-автожол» (Қазақстан) мен «Қарқыра-автожол» (Қырғызстан) өткізу пунктерінің жұмыс уақытын ұлғайту ерекше маңызды болып табылады. Отырыс барысында Мәжіліс вице-спикері шекара өткізу пунктерінің тиімділігін арттыру және шекарадан өту кезінде екі елдің азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында осындай кездесулерді жалғастыруды ұсынды. Сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешуді тұрақты түрде парламенттік бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған шара өткізу пунктеріне бару туралы бірлескен келісім аясында Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарының қатысуымен өтті.

Хабар 24 телеарнасы