423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Бізге мемлекеттік басқарудың жаңа моделі керек

  • 672
  • UPD: 18:07, 15.01.2020

Бізге мемлекеттік басқарудың жаңа моделі керек. Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде Мемлекет басшысы осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқараның мұң-мұқтажын елеп-ескеру үшін жаңа технологиялардың көмегіне жүгіну керектігін айтты. Биылғы жылдан бастап елдегі мемлекеттік қызметкерлердің саны бірте-бірте кеми бастайды. Алдағы 4 жылда олардың қатарын 25 пайызға қысқарту көзделген. Ұлттық компанияларда қызмет ететін мамандардың саны да азаяды. Сөйтіп үнемделген ақшаны білікті қызметкерлерге үстемақы ретінде қосып беру жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Норвегия, Жаңа Зеландия, АҚШ сынды елдер мемлекеттік аппарат қызметіне ептілік принциптерін енгізу бастамасын жіті зерттеп жатыр. Көптеген ел Ұлыбритания үлгісінде Үкімет жанынан жобалық кеңселер құру арқылы проджект-менеждментке көшуде. Бізде де соған күш салынып жатыр. Мәселе мемлекеттік қызметтің сервистік моделі жайында болып отыр. Қазақстанға да қоғамның сұранысына сай келетін, тиімді әрі әділ мемлекеттік басқарудың жаңа моделі керек. Бұл ретте ол ең заманауи технологияларды пайдалануға негізделуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы