435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұңғыш Президент бастаған ірі реформалар жүйелі жалғасын тауып келеді

  • 74
  • UPD: 23:10, 20.03.2020

Күшті Президент. Ықпалды Парламент. Есеп беретін Үкімет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «осы бағыттағы жұмыстарға бар күш-жігерімізді салуымыз керек», деген. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформаларды толыққанды іске асырудың маңызын атаған. Қазір Тұңғыш Президент бастаған ірі реформалар жүйелі жалғасын тауып келеді.

Сөйтіп, көреген саясаткер Елбасы өте маңызды қадам жасады. Қазақ елінің тұңғыш Прзиденті сенім артқан, халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаев сол сабақтастықты сәтті жалғастырды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Иә, билік халқының талап-тілегін ескеріп, арыз-шағымын тыңдап, оны орындауға күш салса, ең бастысы сол емес пе?! Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күннен осы туралы айтты. Көп уақыт деуге келмес, дегенмен, осы аралықта қандай жұмыс атқарылды?

Тек 2019 жылдың 9 айында 45 заң мен 200 жарлыққа қол қойды. Кейбір заң жобаларын халық кеңінен талқылады.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Бірінші рет қазіргі уақытта бейбіт шерулерге, митинг, жиындарға байланысты мүлде жаңа заң қабылданбақшы. Алғашқы заң 1995 жылы қабылданған болатын. Ол 3 бет парақ құжат болатын. Жәй қабылданған заңға өзгерістер енгізу ғана емес, мүлде жаңа заң қабылданғалы отыр.

Бұл заң жобасында бейбіт жиындар өткізудің жаңа тәртібі енгізілді. Қабылданған заңдар туралы қысқаша. Қылмыспен күрес күшейіп, кейбір түрлеріне жаза қатаңдады. Әсіресе, балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткендерге аяушылық болмайды. Мұғалімдердің мәртебесі заңмен қорғалатын болды.  Жалпы Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасы мен Жолдаудағы міндеттерді орындайтынын айтты. Нақты бағыт бар, мақсат-міндеттер айқын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын. Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.

Елбасының барлық бастамасын жалғастырған Президент сенім туралы да жиі айтып жүр. Яғни, халық билікке сенуі тиіс. Осы орайда, билік пен қоғам арасында ашық диалог болуы үшін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. «Оның құрамындағылардың халыққа жаны ашуы тиіс», - деп анық айтты. Кеңес құрамына саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен жетекші қазақстандық сарапшылар кірді. Кеңес құрамында саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттағы реформалар бойынша 3 жұмыс тобы бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ұлттық кеңес бірінші кезекте қоғамдық диалог пен сенім алаңы ретінде құрылды. Біз осы сенімді ақтауға тиіспіз. Әрине, азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселенің бәрін бірнеше айда шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен, бірқатар мәселе бойынша алға ілгерілеп, шұғыл шешімдер қабылдадық. Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның қарқынын бәсеңдетпейміз.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі:

-Ұлттық кеңестің екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да саяси бағыттағы ойларымен бөліскен болатын. Атап, айтқанда, сайлау барысында саяси партиялардың сайлауалды тізімдерінде міндетті түрде 30%-і жастар мен әйелдердің үлесіне тиюі керек деген сияқты.

Алда атқарылатын жұмыс аз емес. Қазір саяси және экономикалық тұрақтылылықты сақтау маңызды болып отыр. Қауіпсіздік мәселесі тағы бар. Әлем елдері «алда не болар екен?» деп алаңдап отырған кезеңде ауызбірліктің болуы маңызды. Ал, елдегі бірліктің негізін осыдан біраз жыл бұрын Елбасы қалап берген еді. Әлем елдерінің лидерлері мойындаған, көреген саясаткер, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бұл.

Авторы: Ақсәуле Байменшина

 

Хабар 24 телеарнасы