426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісіне қатысады

  • 294
  • UPD: 17:42, 13.04.2020
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісіне қатысады

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. 

14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады.

Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады.

Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы