476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

  • 662
  • UPD: 17:31, 14.05.2020
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы