427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» кешенін салу туралы келісім әлі жалғасып жатыр

  • 217
  • UPD: 15:19, 02.06.2020
Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» кешенін салу туралы келісім әлі жалғасып жатыр

Қазір жобалаушы компаниялар мен қазақстандық тарап соңғы құжаттарды талқылауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ұзақ мерзімге арналған жоба болғандықтан, қаралатын  мәселе де көп. Бірақ біз жақын уақытта келісімге қол қоямыз деген үміттемін». «Роскосмос» корпарациясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников осылай деді. Оның айтуынша, «Бәйтерек» ғарыш кешені Байқоңырдың болашағын айқындайтын маңызды жоба. Оның құрылысы биылғы жылдың соңында немесе келер жылдың басында басталуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы