423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Норвегиядағы дипломаттары ядролық қарусыздану велошеруіне қатысты

  • 148
  • UPD: 10:58, 11.08.2020
Қазақстанның Норвегиядағы дипломаттары ядролық қарусыздану велошеруіне қатысты

Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің қызметкерлері ядролық қарусыздануға арналған велошеруге қатысты.

Мұнан бөлек шараға жергілікті парламент және муниципалитет өкілдері мен кәсіпкерлер де атсалысқан. Олар 3 күн ішінде бірнеше қалада болып үлгерді. Қатысушылар шаһар басшыларымен және ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық науқан жетекшілерімен кездесу өткізді. Қазақстандық дипломаттар Семей полигонындағы сынақтардың салдары жайлы айтып, ядролық қарусыздануға қатысты жұмыстарды жалғастырудың маңызына тоқталды. Жергілікті парламентарийлер Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді. Және бұл бағытта парламентаралық диалогты нығайтуға ниетті екендерін де айтты. Ал Қазақстан елшілігінің қызметкерлері Елбасының норвег тілінде басып шығарылған «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Хабар 24 телеарнасы