429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда Сенат сайлауы алып теннис орталығында өтті

  • 300
  • UPD: 23:26, 12.08.2020

Ақмола облысында Сенат депутаттығына сайлау сәтті өтті. Аймақтан 3 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар денсаулық, білім және қаржы саласының өкілдері.

Бүгін өңірдегі жүздеген депутат, Көкшетаудағы теннис орталығының алдына ойнау үшін емес, өздері қалаған кандидатқа дауыс беру үшін таңертең ерте жиналды. Тіркеу рәсіміне асыққан оларға, ұйымдастырушылар, саяси науқанды өткізуден бұрын сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін жиі ескертіп жатты. Олар отыратын орындықтар да бір-бірінен қашық қойылған. 

Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Біз әрбір депутатқа жеткіздік. Олардың бетпердесі болу керек екенін, қолғаптары болу керек екенін міндетті түрде. Ең басты талабы біздің Орталық сайлау комиссиясының, Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараттар кең, жарық, ашық болу керек. Кең көлемде. Мысалы, бір адамға кем дегенде 4 шаршы метр болу керек. Ол үшін біздің Көкшетау қаласында ондай жоқ болғанымен де біз осы теннис кортын таңдап алып, енді қарасаңыз 1 жарым мың шаршы метр. Енді бәрі талапқа сай болды деп есептейміз.   

Сайлауға аймақтағы 257 депутаттың 93 проценті, яғни 240 халық қалаулысы келіп, өз дауыстарын берді. Саяси науқанның әділ әрі заң талаптарына сай өтуін, сайлау комиссиясының 5 мүшесі мен тағы 5 байқаушы бақылап отырды. Олардың арасында журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдері бар.

Сара Баймағанбетова, байқаушы:

- Бүгінгі сайлауда Сенатқа жолдама алатын депутат, Ақмола облысының түрлі мәселелерін жоғары жақта көтеріп, келелі жобаларды жүзеге асыруға атсалысады деп сенеміз. Ал саяси науқанның өту барысына келер болсақ, жауаптылардың іс-шараға жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Жалпы сайлау ойдағыдай өтіп жатыр. 

Ал сайлаудың қорытындысы бойынша қаржы саласының өкілі кандидат Нұрлан Бекеновтің 89,5 процент дауыс жинағаны белгілі болды.

Айта кетейік, жалпы 1995 жылдан бері Ақмола облысының 10-ға жуық өкілі сенатор болып еңбек етті.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы