420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Куала-Лумпурдің парламентаралық іс-қимылын нығайту мәселесі талқыланды

  • 167
  • UPD: 17:46, 27.08.2020
Қазақстан мен Куала-Лумпурдің парламентаралық іс-қимылын нығайту мәселесі талқыланды

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Малайзия Парламенті өкілдер палатасының спикері Датук Азхар Азизан Харунмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Елші сұхбаттасушыны екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы туралы хабардар етіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Б.Иманбаев еліміздің екіжақты кооперацияны одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

А.Харун Нұр-Сұлтан мен Куала-Лумпур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 28 жыл ішінде берік және өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасып, 2019 жылы Малайзия Парламенті өкілдер палатасында құрылған Қазақстанмен парламенттік достық тобының қызметі оған елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы