426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Премьер-министрі қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

  • 218
  • UPD: 10:15, 30.08.2020
ҚР Премьер-министрі қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Бұл туралы Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

«Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!», деді

Хабар 24 телеарнасы